Алматыдағы көпқабаттағы үйдегі өрттен зардап шеккен бір әйел қаза болды. Бұл туралы Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Алатау ауданы Ақкент шағынауданы, 54 мекенжайында болған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы, соның ішінде бес жансақтау бригадасы жұмылдырылды. Барлығы 43 адам зардап шекті. Төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты. 12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде бес адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажет жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Зардап шеккен бір әйел қаза болды, — делінген хабарламада.
Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты. Кейбір тұрғындарға оқиға орнында медициналық көмек берілді.
Еске салайық, 1 тамызда Алматыда Ақкент ықшамауданында көпқабатты үйлердің бірі өртенді. Тұрғындар терезеден секіруге мәжбүр болған. 300 адам эвакуацияланып, 70 адам құтқарылды.
Сағат 18.46-да өрт сөндірілді.