Алматыда 16 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Алматыда 16 қабатты тұрғын үй өртенді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 17.10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр, — делінген хабарламада.

Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi.

5-6-қабат деңгейінде лифт шахтасында электр кабельдері тұтанды. Өрт сөндіру сатылары қойылды. Оқиға орнына 50 адам мен 14 техника жұмылдырылды, — делінген хабарламада.