9 жасар қазақ қыз ресейлік «Голос» бағдарламасына өтті (Видео)

Алина музыкалық мектепте оқиды, фортепианода ойнайды. Сондай-ақ өнерлі қыз бал биімен, каратэмен айналысады.

«Мен көңілді күлегешпін. Анам әнді жақсы айтатынымды байқап, сабақтарға апарды. Үйден тіс щеткасын алып, ән салатынмын. Кітап оқығанды сүйемін, бірақ ертегі емес, ертегіні кішкентайлар оқиды», — дейді Алина өз жайында.

Алина байқау кезінде Арета Франклиннің (Aretha Franklin) «Think» әнін орындады.

Бұған дейін Алина Сансызбай украиналық «Голос» бағдарламасына қатысқан, Мәскеудегі «Поколение NEXT-2015» фестивалінің жеңімпазы.

ДереккөзTengrinews.kz