Алматы тұрғындары тұрақ ақысын қайда төлеп жатыр?

Almaty Parking компаниясы тротуар типті қалалық ақылы автотұрақтарды басқаруды тоқтатты. Бұл туралы A-Parking компаниясы Facebook-парақшасында жазды.

A-Parking 2023 жылғы 15 шілдеден бастап ақылы автотұрақтарға қызмет көрсетуді тоқтатты. Автотұрақтарға қызмет көрсету бойынша барлық өкілет Алматы әкімдігіне берілді. Қазір бұрын компанияның басқаруында болған жаяу жүргіншілерге арналған тұрақтардың аумағында көлік қою үшін төлем алынбайды, – делінген хабарламада.

Компанияның хабарламасында Алматы қалалық ұтқырлық басқармасы жаңа бірыңғай операторды құру рәсімдерін аяқтап жатқаны жазылған.