BAIQONYR кинофестивалі аясында кинотанушылар мен киносыншылардың халықаралық форумы өтеді

6-10 қыркүйек аралығында Алматыда BAIQONYR халықаралық кинофестивалі сегізінші рет өтеді. Фестиваль бағдарламасы қызық іс-шараға толы — кино көрсетілімдермен қатар, жеке анимация кинофестивалі, шеберханалар, уоркшоптар, танымал режиссерлар мен актерлердың дәрістері, оған қоса киноиндустрияның өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өтеді.

Фестивальдың басты оқиғаларының бірі ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының II форумын өткізу болмақ, оның жұмысына 30-дан астам шетел мамандары қатысады. Форум бағдарламасында «Кинотанудағы заманауи үрдістер мен сын-қатерлер: зерттеулер, талдау және перспективалар» тақырыбындағы панельдік сессия, жетекші кинотанушылардың авторлық дәрістері мен шеберлік сыныптары, фильмдерді көру және оларды талқылау болады. Форум соңында кинотанушылар мен сыншылар фестивальдың ең үздік фильмін таңдайды.

Фото: BAIQONYR фестивалінің баспасөз қызметі

Форумға Армения, Эстония, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқа да көптеген елдің сарапшылары келеді. Олардың ішінде:

— ФИПРЕССИ және НЕТПАК мүшесі, көптеген халықаралық кинофестивальдың бағдарламалық директоры және кеңесшісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Гульбара ТОЛОМУШОВА. Ол 2018 жылы BAIQONYR кинофестивалінің қазылар алқасын басқарған;

— Ташкент ВГИК директоры, Өзбекстан кинематография агенттігінің көркемдік кеңесінің мүшесі Эльдар ЮЛДАШЕВ;

— «Мәскеу премьерасы» Халықаралық кинофестивалінің бағдарламалық директоры және «Достастық» халықаралық киномектебінің кураторы (Тбилиси – Батуми), ФИПРЕССИ мүшесі Евгений МЕЙЗЕЛЬ;

— «Өрік ағашы» халықаралық деректі фильмдер фестивалінің бағдарламалық директоры (Армения Республикасы) Артур ВАРДИКЯН;

— Таллин DocPoint деректі фильмдер фестивалінің ұйымдастырушысы Тристан ПРИЙМЯГИ;

— Беларусь Ұлттық Ғылым академиясының Беларусь мәдениетін, тілін және әдебиетін зерттеу орталығының экрандық өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Марина БЕЛООКАЯ;

— «Мәскеу премьерасы» ХКФ көркемдік жетекшісі және бас продюсері Вячеслав ШМЫРОВ;

— «Кино уақыты» киножобаларын қолдау және кино іс-шараларын ұйымдастыру дирекциясы жанындағы кинобағдарламалардың кураторы және кино іс-шараларының тұрақты спикері (Татарстан Республикасы) Адиля ХАЙБУЛЛИНА;

— өнертану докторы, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының өнертану институтының «Кино және теледидар » бөлімінің меңгерушісі Нигора КАРИМОВА;

— «Ника» Ресей кино өнері академиясының академигі, Чебоксар Халықаралық кинофестивалінің бағдарламалық директоры және көркемдік жетекшісі Сергей ЛАВРЕНТЬЕВ және тағы басқалар бар.

Форумның төрағасы – кинотанушы, BAIQONYR кинофестивалінің бағдарламалық директоры Ержан ЖҰМАБЕКОВ.

Еске салайық, BAIQONYR халықаралық кинофестивалі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді.