Алматыда қысқаметражды фильмдердің халықаралық VII Baiqonyr фестивалі өтеді

Биыл фестиваль аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрылу тарихын баяндайтын «Дос-Мұқасан» (режиссер Айдын Сахаман, Aray Media Group) фильмінің премьерасымен ашылады. Ал фестивальдің жабылуында Дарежан Өмірбаевтың «Соңғы сеансы» атты картинасы көрсетіледі, оның әлемдік премьерасы жақында ғана Швейцарияның Локарно қаласында өткен беделді кинофестивальде өтті.

Алдағы фестиваль бағдарламасы үш конкурстан тұрады – ұлттық (көркем және деректі қысқа метражды фильмдер), халықаралық (көркем және деректі қысқа метражды фильмдер) және анимациялық.

Ұсынылған 306 киножобаның ішінен кинотанушылар Ержан Жұмабеков, Еңлік Егеубаева, Ақерке Қамашбек, режиссер Райымбек Әлжанов және режиссер-аниматор Иван Ардашов фестивальге 48 жобаны іріктеп алды. Сонымен бірге биыл фестивальге Қырғызстаннан келген «Экспедиция» қозғалысы қатысады. Бұл — қарапайым адамдар, олардың проблемалары мен армандары туралы қысқа метражды фильмдер түсіретін әртүрлі режиссерлер тобы. Қозғалысқа 50-ге жуық жас режиссер қатысады, — дейді кинофестиваль президенті Әнуар Кенжебаев.

Әнуар Кенжебаев
Әнуар Кенжебаев. Фото: фестивальдің баспасөз қызметі

Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы — «Бродвей» кинопорталы (Brod.kz). Фестивальдің негізгі алаңы — «Арман» киноорталығы.

Фестиваль мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды Kazakh Tourism ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері —  «Хабар» и El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Akshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

Фото: фестивальдің баспасөз қызметі

Baiqonyr — жеті жыл бойы шығармашыл жастарды халықаралық деңгейде ілгерілетуге тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстандағы алғашқы қысқаметражды халықаралық кинофестиваль. Алты жыл ішінде Baiqonyr-ға 11 мыңнан астам көрермен келді, олар 240-тан астам фильмді көрді. Іріктеу комиссиясы 1 168 өтінішті қарады, ал фестивальдің қазылар алқасы 62 лауреатты марапаттады.