Нұрсұлтан шыңының атауы өзгерді ме? Алматы альпинизм федерациясы жауап берді

Алматы альпинизм федерациясы Нұрсұлтан шыңы атауы өзгергеніне қатысты ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 8-9 шілдеде Алматы альпинизм федерациясы Іле Алатауының бір шыңында — қаланың визит картасы Алматы шыңында Альпиниада өткізді. Ол Комсомол шыңы (1935-1997 жылдары), Нұрсұлтан шыңы (1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін) деп те аталады. Әртүрлі дереккөздерде шың үш атаумен аталады. Ал Алматы шыңы, мұрағат мәліметтерге сәйкес, шыңның тарихи бірінші атауы (1935 жылға дейін), — делінген ведомствода.

Оған қоса федерация құзыретіне географиялық нысандардың атауын өзгерту кірмейді. Алайда федерацияның сайтында техникалық қате кетті. Ал бұқаралық ақпарат құралдары деректерді тексермей шыңның атауы өзгертілгені туралы ақпарат таратып, жаңылдырып жіберді.

Қазір географиялық нысандардың ресми тізіміне сәйкес бұл шың Нұрсұлтан шыңы деп аталады.