Ерлан Саиров: Түркі елдері бірігуі тиіс

«біздің Өзбекстанмен арадағы экономикалық байланыстарымыз ендігі уақытта барынша қарқынды дами түсетін болады. соңғы ақпараттарға сәйкес, жалпы сомасы 1 млрд. долларға жуықтайтын 50 келісімшартқа қол қойылған екен. Көптеген туристер Өзбекстанға сапарлай бастады. мәдени, рухани байланыстар да дамып келеді», — деді Саиров.

Бизнеске әр уақытта да жаңа кеңістік, жаңа байланыстар қажет. Өзбек тарапы үшін де Қазақстан әлеуметтік мүмкіншілік саналады. Себебі Өзбекстанда еңбек ресурстары өте көп. Ал қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан көптеген өзбек азаматын жалақысы жоғары жұмыс орындарымен қамти алады.

Өзбекстан халқының дінге жоғары болуына байланысты қауіптер туынауы мүмкін бе деген сауалға жауап берген Саиров одан қорқудың еш қажеті жоқ екендігін баса айтты. Саясаттанушы қайта ежелгі түркі әлемі діни экстремизм мен терроризмнің дамуымен байланысты сыртқы сын-қатерге қарсы тұруы үшін бірігуі қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.

ДереккөзInform.kz