17 жастағы қазақстандықтар автоматты түрде әскери есепке алынады

2024 жылғы қаңтардан бастап 17 жастағы ер-азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап пилоттық жоба аясында 17 жастағы ер-азаматтарды әскери есепке алу автоматты түрде өтеді. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастамасын премьер-министр, мүдделі мемлекеттік органдар, облыс, қала әкімдіктері қолдады. Оны жүзеге асыру мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн түрлендiру мен интеграциялаудың арқасында мүмкiн болды. Бұл елiміздің 16 жастан 60 жасқа дейiнгi ерлерді әскери есепке алумен толық қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi,- делінген хабарламада.

Енді 17 жасқа толған ер-азаматтарды тіркеу жыл сайын жүргізіледі. Әскери қызметке жарамдылығын тексеру міндетті түрде жүзеге асырылады.