Парламенттің екінші сессиясында депутаттар қандай заң жобаларын қарайды?

Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сегізінші сайланған парламенттің екінші сессиясында депутаттар қандай заң жобаларымен жұмыс істейтінін айтты.

Біз осы сессияда заң шығару жұмысына ерекше қарқын бердік. Сол қарқынды алдағы уақытта да сақтаудың маңызы зор. Парламентарийлер келесі сессияда сайлаушылардың өзекті мәселелерін шешуге, президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға ерекше екпін беруге тиіс. Біз ұлттық қордан балаларға бөлінетін төлем мәселесі жөніндегі заң жобасымен жұмысты жалғастырамыз. Бұл – президенттің ауқымды реформалары аясындағы негізгі бастамасының бірі, — деді мәжіліс спикері.

Сонымен қатар ол сегізінші сайланған парламенттің екінші сессиясында депутаттар қандай заң жобаларымен жұмыс істейтінін айтып өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салық, бюджет, су, қала құрылысы кодекстерімен, мемлекеттік сатып алу, ғылым және технологиялық саясат туралы заң жобаларымен жұмыс істеу міндеті алдымызда тұр, — деді Ерлан Қошанов.