Елімізде бір апта ішінде 2 720 қылмыс жасалды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Бір апта ішінде 2 720 қылмыс жасалды, оның 1 642 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, үш өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, бір қарақшылық, 36 тонау және 302 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, — деді Шұғыла Тұрлыбек брифиңде.
Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, Тәуелсіздік жылдарында ғана ішкі істер органдарының 816 қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болды. 4,5 мыңнан астамы жарақат алды. 1 800-ге жуығы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның 157-сіне мемлекеттік награда қайтыс болғаннан кейін берілді.
