Алматыда күдікті полиция көлігінде өзіне қол жұмсады

Алматыда көлік ұрлады деген күдікпен ұсталған адам полицейлердің қызметтік көлігінде өзіне қол салды.

Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жетісу ауданында болған. Күдікті тергеу тобының көлігінде өзіне қол жұмсаған.

Қазіргі уақытта өз танысынан Toyota автокөлігін ашық түрде ұрлады деген күдікпен ұсталған 1980 жылы туған азамат И.-дің өлімі дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама қорытындысы бойынша, марқұм мас күйде болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да