Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?

2023 жылғы шілдеде қазақстандықтар мемлекеттік мереке — Астана күнін тойлайды. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының үкіметі Астана күнін мерекелеу аясында демалыс күнін шегеру туралы шешімді бекіткен еді. 2023 жылы жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 1 шілде — сенбідегі демалыс күні 7 шілде, жұмаға ауыстырылды.

Нәтижесінде қазақстандықтар Астана күні төрт күн демалады: 6, 7, 8, 9 шілдеде. Бұл ретте 1 шілде, сенбі жұмыс күні болады.

Сондықтан:

  • 2023 жылғы 2 шілде – демалыс күні;
  • 2023 жылғы 6, 7, 8 және 9 шілде — мереке күндері;
  • 2023 жылғы 15 және 16 шілде – демалыс күндері;
  • 2023 жылғы 22 және 23 шілде — демалыс күндері;
  • 2023 жылдың 29 және 30 шілдесі демалыс күндері.

Осылайша, шілдеде 11 күн демалыс болады.