Алматы әуежайында жолаушылар мен қала қонақтарының саны күрт өскен

Биыл Алматы әуежайы жолаушылар ағынын 8 миллионға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сол себепті әуежай аумағында ұзын сонар кезектер мен кептелістер болуы мүмкін.

Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайдың корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады.

Әуежайдың мәліметінше, туристердің қажетін қанағаттандыру үшін жазғы демалыс және каникул уақытында рейстердің ұлғаюына байланысты Алматы халықаралық әуежайында жолаушылар мен қала қонақтарының күрт өсуі байқалады.

Былтыр Алматы халықаралық әуежайы 7,2 миллионнан астам жолаушыны қабылдаса, биыл жолаушылар ағынын 8 миллионға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осы кезеңде Алматы халықаралық әуежайының аумағында қосымша кезектер мен кептелістер байқалуы мүмкін, — делінген хабарламада.