Алматы әуежайынан жаңа халықаралық рейстер ашылады

Алматы халықаралық әуежайында халықаралық рейстердің саны 67-ге дейін өседі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында әуежай президенті Альп Ер Тунга Ерсой айтты.

Оның айтуынша, Алматы әуежайы былтыр 7,2 миллионнан астам жолаушыны қарсы алған.

Былтыр 64 697 рейс жасалды, биыл 8 миллионна астам жолаушы, 70 мыңнан астам әуе рейсі, 94 мың тонна Карго рейсі ұшады, — деді әуежай басшысы.

Әуежай президенті биыл рейстер саны 67-ге дейін артатынын айтты.

Ашхабад, Ереван, Карачи, Кутаиси, Лахор, Маскат, Кайрол және Сиамға жаңа рейстер ашылады, – деді ол.

Альп Ер Тунга Ерсой әуежайға келушілер арасында ең танымал бағыттарды атады.

Халықаралық рейстер арасында ТОП-5 бағытқа — Ыстамбұл, Дубай, Анталья, Мәскеу, Ташкент, ал ішкі рейстер арасында — Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалалары, — деді әуежай басшысы.