Биыл көпбалалы отбасылар 170,3 миллиард теңге жәрдемақы алды

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 543,3 мың отбасы жалпы сомасы 170,3 миллиард теңге мөлшерінде қамтылды.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 543,3 мың отбасы жалпы сомасы 170,3 миллиард теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде мамыр айында 553,8 мың отбасына 34,8 миллиард теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Бұл мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады, — делінген хабарламада.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп, төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:

  • төрт баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
  • бес балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
  • алты балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
  • жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
  • сегіз және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
    13 800 теңге мөлшерінде.