Францияның телеарнасы Димаш Құдайберген туралы репортаж жасады

«Сіз мына керемет дауысты естіп тұрсыз ба? Бұл ғажап дауыс иесінің есімі -Димаш. Бүгін біз осы жас жігіт туралы және оны Қытайда соншалықты танымал еткен әлеуметтік желілер жөнінде әңгіме қозғайтын боламыз», — деп бастайды сөзін Франция телеаудиториясының 40 пайызын қамтып отырған таңертеңгілік бағдарламаның жүргізушісі.

Француз бағдарламасында Димашты «өте көрікті, түр әлпеті қытайға ұқсайды» деп сипаттады. Репортажда «Димаш Құдайбергеннің ұлты қазақ, ол қытай тілінде сөйлемейді» деп атап өткен. Бірақ, соған қарамастан Weibo-дағы (Қытайдағы туиттердің баламасы) оның оқырмандарының саны 3 миллионға жетіп жығылады.

Жалпы Димаш ән орындаған видеоны әлеуметтік желіде 1,5 миллиард адам тамашалаған. Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген «Singer 2017» жобасының 10-кезеңінде үшінші орынға ие болып, байқаудың финалына жолдама алған болатын.

ДереккөзInform.kz