Президент Түркістанға жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сапарда мемлекет басшысы ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді.

Жиынға құрылтай мүшелерімен қатар сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, президент әкімшілігінің басшылық құрамы, президенттің кеңесшісі және басқа да лауазымды тұлғалар қатысады.

Айта кетейік, ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын. Алқалы жиында сөз сөйлеген мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да