Түркістанда ұлттық құрылтай өтеді

«Түркістанды рухани және тарихи елордамыз деуге болады. Сондықтан үкімет таяу арада Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол Түркістан қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келгенін атап өтті.

«Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыроймен атқарып отыр. Сол себепті, мен ата жолын ұстанып, ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсындым. Онда ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз», — деді Тоқаев.