Алматы облысында сегіз мәдениет үйі қолданысқа беріледі

Мәдениет саласында былтыр екі мәдениет үйі салынды және қайта жаңартылды. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз жиынында мәлімдеді.

Биыл Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы мәдениет үйі және 10 кітапхана ашылды, Райымбек ауданында мұрағат ғимаратының құрылысы аяқталды. Аудандарда қосымша сегіз мәдениет үйі  іске қосылады, — деді Марат Сұлтанғазиев.

Ал спорт саласында былтыр облыста үш спорт ұйымы ашылды, биылғы жылы сегіз спорт кешендері салынып жатыр.