Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, — делінген жарлықта.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. ЖОО-нын экономика және қаржы, заң мамандығы бойынша тәмамдап, іскерлік әкімшелендіру бойынша магистр дәрежесін алды. Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, қазақ мемлекеттік заң академиясында және Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінде оқыды.

Мансабын Алматының салық жүйесінде жұмыс істеуден бастады. Одан кейін қаржы министрлігінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

Кейіннен президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымына ауысты.

Ал 2018 жылы Алматыдағы мемлекеттік кірістер бөлімін басқарды. Сонымен қатар қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы болып жұмыс істеді.