Орман шаруашылығына қатысты заң жобасы мәжілісте талқыланады

Парламент мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылайды.

Заң жобасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру және құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою мақсатында әзірленді. Заң жобасы су шаруашылығы құрылыстарын және селден, көшкіннен, қар көшкінінен қорғау құрылыстарын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін ауыстыру мәселесін регламенттеуге бағытталған, — деді депутат Бауыржан Смағұлов.

Сонымен қатар құжатта Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының арнайы бөлінген учаскелерінде тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін шөп шабу мәселелерін шешу ескерілген.