Джейкобстың салмағы Головкиндікінен сәл артық болды

Қос боксшының салмағы 160 фунтқа дейінгі талапқа сай келді. Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,39 келі) болса, Джейбокстың салмағы 159,8 фунтты (72,48 келі) көрсетті.

Айта кетейік, 18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 09:40-та басталады. Астана уақытымен 08:40-та рингке никарагуалық Роман Гонсалес пен Тайланд боксшысы Висаксил Вангек шығады. 07:50-де мексикалықтар Карлос Куадрас пен Давид Кармон жұдырықтасады.

Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасқаны үшін 2,5 миллион доллар сыйақы алатындығы белгілі болды.

Дереккөз Vesti.kz