Головкин ертеңгі жекпе-жекте қанша сыйақы алады?

Дэниел Джейкобс та сыйақыдан құр алақан қалмайды. Оған 1,75 миллион доллар көлемінде сыйақы беріледі. Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы түрде (РРV) көрсететін болады. РРV жүйесі бойынша түсетін қаржының да бір мөлшері боксшыларға тиесілі.

Боксшылардың салмақ өлшейтін рәсімінде Геннадий Головкин қарсыласынан 9 грамм жеңіл болып шықты. Отандасымыздың салмағы 159,6 фунт (72,39 кг) болса, Дэниел Джейкобстың салмағы 159,8 фунт (72,48 кг) болды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек 19 наурыз күні таңда өтеді. Тікелей эфирде «Қазақстан» мен «KazSport» арналары көрсететін болады.

ДереккөзVesti.kz