«Қазақ аруы — 2017» байқауының жеңімпазы анықталды

Сайысқа еліміздің әр өңірінен іріктелген 16 ару қатысты. Олар: Ақбаян Өмірқұлова (ОҚО) Айбану Жексенғали (Атырау облысы), Ақмаржан Жұман (Астана), Амина Мектепбаева (Алматы), Бегайым Жорабекова (ОҚО), Виктория Петрова (Павлодар облысы), Гүлжанат Жұмажанова (Ақтөбе облысы), Айгерім Орынбекова (Қарағанды облысы), Жұлдыз Орынбасарова (Жамбыл облысы), Зуxра Сайпи (Қызылорда облысы), Мария Халбият (Алматы облысы), Назерке Дауылбаева (Атырау облысы), Нұргүл Асанова ( БҚО облысы), Перизат Абдашова (Маңғыстау облысы), Сәуле Әділбаева (БҚО), Шырын Ақпар (ШҚО).

Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылғансұлулық байқауы бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қыздар өнерлерін ортаға салды. Кейін рухани құндылықтар жөніндегі пайым-түсініктерін танытты. Ал «Сұрақ-жауап» бөлімінде үміткерлерге қазақтың салт-дәстүріне байланысты бейне-сұрақтар қойылды.

Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен оралдық Нұргүл Асанова жеңіске жетті. 1 орынды қызылордалық Зухра Сайпи, ал 2 орынды ақтөбелік Гүлжанат Жұмажанова алса, 3 орын қарағандылық Әйгерім Орынбековаға бұйырды. Сонымен қатар, Зухра Сайпи «Аруна» сауда үйінің арнайы сыйлығына ие болды. Ал Әйгерім Орынбекова «Көрермендер көзайымы» номинациясын иеленді.

Айта кетейік, «Қазақ аруы» байқауының толық нұсқасын «Хабар» арнасынан 21 наурыз күні сағат 21:35-те көре аласыздар.

ДереккөзBaq.kz