Jusan тобының активтері Қазақстанға қайтарылды

Әділет министрлігі Jusan тобы Қазақстан юрисдикциясына қайтарылғанын мәлімдеді.

2021 жылы алдын ала жоспарлған іс-әрекеттің нәтижесінде Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылған еді. Оның құрамына Jusan Bank қана емес, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша ірі активтер кіреді. Шетелдік юрисдикцияға шығарылған топқа Қазақстан үкіметі іс жүзінде бақылау жасай алмады.

Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобын қазақстандық юрисдикцияға қайтаруға қол жеткізілді. Қажетті құжаттарға қол қойылды, — делінген хабарламада.

Енді Jusan тобы Қазақстан заңнамасы бойынша үкімет пен басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауында жұмыс істейді.

Ал Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру бойынша міндеттемелерді алды. Оған қоса банк бұған дейін алған мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады.

Біз қазақстандықтардың қаржылық және қаржылық емес қызметтер бойынша артып келе жатқан сұраныстарын қамтамасыз ете алатын заманауи цифрлық банкиңді құру бойынша қабылданған стратегияны ұстанамыз. Былтыр табысты нәтижелері және банктің ағымдағы қаржылық жағдайы өзіне алған барлық міндеттемені орындауға, соның ішінде мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік береді, — деді Jusan Bank баспасөз қызметі.