Jusan Ақтөбедегі шығармашылық орталыққа мурал сыйлады

Ақтөбедегі Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қабырғасында жаңа мурал пайда болды. Бұл муралды қала тұрғындарына Jusan сыйға тартып отыр.

Жаңа муралды салу үшін Repas тобының стрит-арт суретшілері Алматыдан арнайы шақыртылды. Олардың туындысында балалық шақтағы армандары мен отбасының суретін салған бала бейнеленген.

Фото: Jusan Bank

Jusan Kazakh Tourism компаниясымен меморандумды ынталана отырып жүзеге асырады, біз оның аясында Қазақстан қалаларының ландшафын көше өнері арқылы өзгертеміз. Ақтөбе — осындай қабырға суретін салған төртінші қаламыз, бұған дейін біз тамаша муралдарды Шымкент, Қарағанды мен Астана тұрғындарына тарту еткен болатынбыз. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Біз қалалардағы шығармашылық қауымдастықтың дамуына бірлесе үлес қосып, көзге түсе бермейтін жерлерді қайта жарқыратамыз. Келешекте олар жас ұрпақты қызықтыратын орынға айналады, — деді Jusan-ның аймақтық маркетиң бөлімінің жетекшісі Айбол Қалыбаев.

Фото: Jusan Bank

Шығармашылық орталықтың ашылуына келген балалар би билеп, муралдың фонында суретке түсті. Енді бұл Ақтөбедегі жаңа тартылыс нүктесіне айналады.

Біздің қаламызда осындай жарқын және шығармашылық кеңістік пайда болғанына қуаныштымыз. Мурал өте әдемі, тіпті оның қолмен салынғанына сене алар емеспін. Біз енді жаз айларын осында өткіземіз, TikTok түсіріп, кітап оқимыз. Жастарға арналған бұл орталықты құруға көмектескендердің бәріне рақмет айтамын, — деді орталықтың ашылу салтанатына келген Томирис.

Шығармашылық орталықтың ашылуын Ақтөбе облыстық әкімдігі қолдады. Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» компаниясы. Өз кезегінде Jusan алдағы уақытта осы бір орын шығармашыл жастарға шабыт беретін орталыққа айналады деген ниетте.

Фото: Jusan Bank