Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды

Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, — делінген жарлықта.

Еске салайық, Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылғы 18 шілдеде тағайындалған еді.