Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарады.

8 маусымда пойыздар жүруге дайындалып жатқан Алматы-2 станциясының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде пойыз вагонының дөңгелегі ығысқан. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойызда жолаушылар болмаған.

Тағы бір пойыз жедел ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, — деді ҚТЖ өкілдері.