Қазақстан темір жолы кейбір пойыздар кешігіп жүретінін ескертті

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы кейбір пойыздардың өз кестесінен кешігіп жүретінін ескертті.

Жөндеу-жол жұмыстарына байланысты белгілі бір телімдерде пойыздар қозғалысының жылдамдығы кестеде көрсетілген жылдамдықтан өзгеше болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Келесі пойыздар өз кестесінен кешігіп жүруі мүмкін:

  • Астана – Алматы
  • Алматы – Петропавл
  • Шымкент – Астана
  • Жезқазған – Алматы
  • Алматы – Орал.

Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауды өтінеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жөндеу жұмыстары аясында пойыздар қозғалысы кестесін сақтау бойынша күнделікті шаралар жүргізіп жатыр.