Басты бет / Жаңалықтар /
Антикор
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Антикор Нұржан Әлтаевтың ұсталуына қатысты пікір айтты

7 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижесінде экс-вице-министр Н.Б. Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады.

Н.Б. Әлтаев еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен ҚР парламенті мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенеді.

Абылай Мырзахметов, Нұржан Әлтаев. Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Фото ©️ Tengrinews.kz / Абылай Мырзахметов, Нұржан Әлтаев.

2018-2020 жылдары жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А.И. Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, Н.Б. Әлтаев Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram