Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайып Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Осы күні мемлекет басшысы Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Сайлауда Режеп Тайып Ердоған жеңіске жетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады.