1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.
Шарада оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған «Салтанат» залын, түрлі жиындар өтетін «Шығыс», «Мрамор», «Алтын» «Доғал» және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сонымен қатар кітапхананы аралап көрді.
Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты.
Еске салайық, бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Биыл Балаларды қорғау күні мектептегі соңғы қоңырау күнімен тұспа-тұс келді.