Басты бетЖаңалықтарАгенттік TikTok-та...

Агенттік TikTok-та тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі TikTok желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады.

Осы уақытқа дейін онлайн ойын ұйымдастыратын 100-ден астам аккаунт анықталды.

Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады, — дейді агенттік мамандары.

Ал қылмыстық кодекстің 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Осы қылмыс үшін бірнеше адам сотталған. TikTok-та құмар ойын ұйымдастырған Алматының екі тұрғыны төрт айда 13 миллион теңгеге жуық заңсыз табыс тапқан. Олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта сот TikTok желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін төрт ұйымдастырушыға қатысты іс қаралып жатыр. Құрметті азаматтар, қырағы болып, осындай құмар ойындарға араласпауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы, — делінген хабарламада.