Биыл 635 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

2023 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын екі есе ұлғайту көзделіп отыр.

«Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжат бойынша, 2023 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны:

  • қарулы күштері – 550;
  • ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі – 60;
  • төтенше жағдайлар министрлігі – 16;
  • ішкі істер министрлігінің ұлттық ұланы – 9.

Құжат 6 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Айта кетейік, биыл тиісті қаулы бойынша запастағы 345 офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланды. Енді запастағы 635 офицер әскери қызметке шақырылады.