Қазақстанда киік саны 1,9 миллионнан асты. Бұл туралы ЕcologyofQazaqstan Telegram-каналы хабарлады.
2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа, яғни 45,3%-ке артты. Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясы — 1,13 миллион, Бетпақдала – 745 300, Үстірт – 39 700.
Еске салайық, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді.
Киіктерді санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.