Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқулықты 31 мамырға дейін тапсыру туралы шағымдарға жауап берді.
Әлеуметтік желіде оқушылар оқулықтарын кітапханаға тапсырып, сабақта бос отырғаны туралы фактілер жарияланды.
Қазір тексеру жүргізу туралы тапсырма берілді, кейбір жерлерде фейк ақпараттар да шығып жатыр, — деді министр үкімет отырысынан кейінгі сұхбатында.
Оның айтуынша, мұндай фактілер анықталғаннан кейін нақты шаралар қабылданады.
Мұнда қаншалықты маңызды фактілер екенін көрейік. Нақты стандарт бекітілген. Әр мектеп білім беру стандартын орындауы керек. Мектеп басшылығы жақсы түсінетін белгілі бір ережелер, заңнамалық ережелер бар. Алдымен стандарттың қаншалықты бұзылғанын анықтау керек, — деді Ғани Бейсембаев.
Айта кетейік, биылғы оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Оқушыларға арналған соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді.