Месси «Барселонаның» бапкері атанды

Месси мадридтік «Реалдан» басым түсу үшін командаға жаңа жоба құрастырып қойыпты.

Ол команданың негізгі құрамдағы футболшыларын жиі ауыстыратын бапкер Луис Энрикенің қызметіне разы емес екен. Сонымен қатар, аргентиналық футболшы командадан үш ойыншыны сатып жіберуді сұраған.

Осы маусым аяқталған соң Энрике клубтан кететіні белгілі, оның орнына Мессидің көңілінен шығатын және жерлесі «Севильяның» бапкері Хорхе Сампаоли келуі мүмкін.

Сондай-ақ Мессидің «Барселона» клубында қалу қалмауы да белгісіз. Соңғы мәліметтер бойынша, клуб басшылығы келісімшартты ұзартқан жағдайда 40 миллион евро бонус ретінде беретіндерін айтқан.

ДереккөзVesti.kz