Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы болды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядтағы спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды.

Жеке сында үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік классификацияда рекорд төртінші орынға көтерілсе, бұған дейін ол алтыншы орында болған еді. Рыбакина Римде өткен турнирдегі жеңісінің арқасында рейтингіде жоғары көтерілді. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 61-орынға түсті.

Үздік үштік өзгеріссіз: Ига Свентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Джессика Пегула (АҚШ).

Жұптық сында үздік қазақстандық теннисші Анна Данилина 26-орыннан 24-орынға көтерілді.

Чехиялық Катерина Синякова көш басын сақтап қалды. Бұл ретте америкалық Джессика Пегула үшінші орыннан екінші орынға көтерілді, ал бұған дейін төртінші орында болған оның отандасы Коко Гауфф үздік үштікте тұрақтады.