Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда той...

Қазақстанда той жасауға несие беруге тыйым салынуы мүмкін бе?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов тойға несие алуға тыйым салу мәселесіне қатысты пікір айтты.

Бүгінде қазақстандықтар арасында тойға несие алатындар аз емес. Артынан ата-аналары төлейді, я болмаса, жастардың өздері қарызға батып, қаржылай қиындыққа тап болып жатады. Ал төлей алмаса, несие тарихы бұзылады, — деді Олжас Қизатов.

Олжас Қизатовтың айтуынша, мемлекет банктердің ішкі жұмысына араласа алмайды. Тойға несие беруге де тыйым салу мүмкін емес.

Тойға несие беруге тыйым салу – банктің ішкі қызметіне араласу деген сөз. Біз қандай да бір несие түрлерін беруге тыйым сала алмаймыз. Адамның бұрынғы қарызы болып, тағы несие алуға барса, ол жағынан шектеу қоюға болады. Ал нақты несие беруге тыйым салуға заң бойынша құқығымыз жоқ. Бұл – банктің ішкі саясаты. Біз оған араласа алмаймыз, — деді Олжас Қизатов сенат кулуарында.