Мазмұнға өту
Басты бет / Видео /

Джефф Мейвезер: «Геннадий Головкин жеңіліп қалса әлем таңғалатындай боксшы емес»

«Менің ойымша, жақсы жекпе-жек болады. Екі жігіттің де жеңіске деген үміті бар, мен бірақ Головкин жеңеді деп бәс тігемін. Кездесу нокаутпен аяқталады деп ойлаймын, себебі екі жігіт те керемет панчерлер және ұра алады. Екеуінің біреуі ұйқыға кетеді. Егер Джейкобс Головкинді нокаутқа түсірсе, әлем дүр сілкіне ме? Джейкобс өз үлесін алып, нөмірі бірінші боксшы болады. Бірақ мен Головкинді даңқты боксшы деп санамаймын, ол жеңіліп қалған күннің өзінде әлем қатты таңғала қоймас», — деді Джефф Мейвезер Mayweather Boxing Channel арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин — Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті «Қазақстан» және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Мақалаға реакция

3 Пікір

  1. Ч
    Чаки 9 жыл бұрын
    Бала оспейма тобенди теспейма бари уакытша
  2. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Көреалмайтындар АҚШ-та да бар екен ғой? Әлем таңғалатын боксшы емес дейді әлем таңғалып бастары айналып жүргені мен жұмысы жоқ.
  3. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Осылар бар ғой. Көттерімен пал ашады ма? Дональд Трампты да солай айтқан еді. Енді бишараларда бет жоқ. Дəл солай болады. Көттері ашиді əлі)))