Алмас Әдубаевтың айтуы бойынша, жаңадан салынған үйлердің құжаты дайын емес, сондықтар тұрғындарды уақытша тіркеуге қою кезінде мәселе туындаған.
Осы мәселеге қатысты Жоғары сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігі арнайы шешім қабылдады.
«Жаңадан салынған үйлерде тұрып жатқандарды жауапкершілікке тарту дұрыс емес. Осы шешімге сәйкес, облыстардағы көші-қон полициясы бөлімшелеріне тиісті түсініктемелер берілді. Бұған қоса, Үкімет қаулысының жобасына толықтыру енгізілді», — деп жазды Сәдубаев.
Үкімет қаулысы уақытша тіркеуге тұруға міндеттелмейтін азаматтардың санатын қарастырады. Олар:
16 жасқа толмаған балалар;
Науқас азаматтар және емделіп жатқандар;
Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер;
Әскердегі сарбаздар.