«Алматы жастары» бағдарламасын жүзеге асыруға 20 миллиард теңге бөлінді

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға 20 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 17 миллиард теңге бөлінді, бұл былтырмен салыстырғанда 2 миллиард теңгеге артық. Сонымен қатар «Отбасы банкінің» өз қаражатынан тағы 3 миллиард теңге бөлінді, — делінген хабарламада.

Тұрғын үй бағдарламасы бойынша кемінде 1 100 адамды қамту жоспарланып жатыр. Өтінімдерді қабылдау 15 мамырда басталады.

Бағдарлама бойынша несиелендіру шарттары:

  • несиенің максималды сомасы 18 миллион теңгеге дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі – 5%;
  • бастапқы жарнасы – 10%;
  • бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігін қамту – кемінде 1 100 адам болады.

Айта кетейік, биыл Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша бағдарлама аясында жас мұғалімдер мен дәрігерлерге тағы 100 қарызға лимит ұлғайтылды (мұғалімдерге — 50, дәрігерлерге – 50).