«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау 15 мамырда басталады

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау 15 мамырда басталады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

15-31 мамыр аралығында Алматының  35 жасқа дейінгі және осы жасқа толғандардан «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша  тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын үй займдарын алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталады, — делінген хабарламада.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыруға болады. Сайтта авторизациялау электрон цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша бағдарлама шеңберінде қосымша қаражат бөлініп, жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тағы 100 қарызға лимит ұлғайтылды, мұғалімдер үшін 50 және дәрігерлер үшін 50, — делінген хабарламада.

Бағдарлама аясында несие берудің шарттары:

  • займның ең жоғары сомасы– 18 миллион теңгеге дейін;
  • пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • бастапқы жарна – 10%;
  • бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі;
  • қамту– 1 100 адамнан кем емес.

Қатысу үшін негізгі талаптар:

Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (35 жасқа толғандарды қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында кейінгі бес жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы.

Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы аударымдарымен кем дегенде кейінгі алты ай ішінде ресми жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтері.