Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап береді.
Leaders Talk – халықаралық проблемалар талқыланатын бағдарлама. Бұған дейін аталған бағдарламаға 20-дан астам мемлекеттің басшылары мен халықаралық ұйымның жетекшілері эксклюзивті сұхбат берген, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, президент 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барады.