Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Фото: El24.kz
7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді.

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 7 және 9 мамырда шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, — делінген хабарламада.

Ведомство тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Мақалаға реакция