Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытайға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин. Архив фото: Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытайға барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесуде биыл мамырда Сиань қаласында өтетін «Орталық Азия + Қытай» саммитінің және Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға жоспарланған мемлекеттік сапарының өзектілігі сөз болды.

Сонымен қатар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту маңызды екеніне назар аударылды.

Мемлекет басшысы Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Украинаға қатысты жағдайды саяси тұрғыда реттеу жөніндегі бітімгершілік әрекетіне жоғары баға берді.

Мақалаға реакция