ҰБТ-дағы қазақ тіліне байланысты 5 мәлімет

1. 2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша барлық сұрақтар бес пән бойынша ескеріледі. Оның үшеуі міндетті, екеуі бейімді. «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығы» және «Қазақстан тарихы» атты үш пән міндетті пән болып қалған және 2 бейіндік пән талапкердің ЖОО-ға тапсыратын мамандығы бойынша таңдалады;

2. «Қазақ тілінің» сұрақтары «Оқу сауаттылығы» деген пәннің ішінде кездеседі;

3. Ана тілі мектептегі қорытынды аттестацияда қалған;

4. Жаңа форматта қазақ тілі аттестат алуға тапсырылатын бес емтиханның ішінде бар;

5. ҰБТ екіге бөлінетіндіктен, мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілі бойынша тест тапсыруы мақсаты қойылып отыр. Қорытынды аттестацияда  орыс тілінде оқығандар қазақ тілінен эссе жазады.

ДереккөзKazdala.kz