Samsung, Lenovo және Xiaomi смартфондары троян вирусымен сатылып жатыр

Сарапшылар Android бағдарламасынан троян вирустарын тапты.

Смартфон

Бұл туралы Check Point блогында жазылды. Онда вирустар телефон сатылғанға дейін енгізілгені xабарланады.

Ал троян вирустары телефондағы жеке ақпараттарды өзін қондырған адамдарға тасиды.

Вирус “жұқтырған” телефондардың ішінде Samsung Galaxy Note 2-5 пен Galaxy S7, Xiaomi Mi 4i мен Xiaomi Redmi, Lenovo A850 бар.

Бұрын банктағы счет нөмірлерін ұрлайтын вирустар да дәл осылай смартфондарға орнатылған еді.