Алматыда 7 және 9 мамыр қалай тойланады?

Алматыда 7 және 9 мамырда бірқатар мерекелік іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарлама қаланың барлық ауданы мен ашық алаңында ұйымдастырылады.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мерекелік концерт пен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтеді. Концертке әскери қызметшілер, әскери үрмелі оркестр қатысады. Сонымен қатар сахнада Бағлан Әбдірайымов, Толқын Зәбирова, IL Canto квартеті, Жәмила Серкебаева өнер көрсетеді.

Сонымен қатар мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында ұйымдастырылады:

  • Алатау ауданында ардагерлер мен жастардың қатысуымен «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі 7 мамыр, сағат 10:00-де Жанқожа батыр көшесі, 26 мекенжайындағы аудан әкімдігі ғимаратының алдында өтеді. Жеңіс күні мен Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік іс-шара 7 мамыр, сағат 11:00-де Атлеттер ауылында өтеді;
  • Алмалы ауданында 7 мамыр күні сағат 17:00-де «Елім менің» патриоттық әндер орындаушыларының байқауы Арбатта өтеді.
  • Бостандық ауданында 5 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шара ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында өтеді, Попов көшесі, 1а.
  • Жетісу ауданында 7 мамыр, сағат 14:00-де қарулы күштер өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерт «Кемел» шағынауданындағы Есім хан көшесі, 127А мекенжайында өтеді;
  • Медеу ауданында Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концерт 6 мамырда, сағат 10:00-де ғылым академиясы ғимаратының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) өтеді;
  • Наурызбай ауданында Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты концерт 5 мамыр, сағат 10:00-де Ақжар шағынауданы, Дәулеткерей көшесі, 178 мекенжайындағы әскери бөлімде өтеді.
  • Түрксіб ауданында Отан қорғаушы күніне арналған бағдарлама 6 мамыр, сағат 11:00-де өтеді ҚР құрлық әскери институтында (Красногорская, 4) өтеді.

9 мамырда Алматыдағы негізгі мерекелік шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтеді. Таңертең қала ардагерлері мен белсенділерінің қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі, әскери қызметкерлердің салтанатты маршпен өтуі, Алматы әкімінің қатысуымен эстрадалық және симфониялық оркестрдің мерекелік концерті өтеді.

Мереке күні Алматы арнайы жобаланған билбордтармен, медиабордтармен, LED экрандармен безендіріледі. Сонымен қатар 50 000 «Жеңіс» лентасы жасалып, еріктілер халыққа таратады. Саябақ тақырыптық дизайнмен қамтамасыз етіледі (брендмауэр, Әскер үйінің қасбеті), МАФ, концертке арналған сахна, ардагерлерге арналған шатырлар, дала асханасы, ҰОС батырларының тірі «мүсіндері-спектакльдерінің» көрсетілімі орналастырылады.

Сонымен қатар заманауи қазақстандық әскери техника мен қару-жарақ көрмесі көрсетіледі. Қаланың әр жерінде аудан әкімдерімен бірге қала аумағында орналасқан мемориалдық тақталарға, ескерткіштерге, соғыс қаһармандарының ескерткіштеріне (Б.Момышұлы ескерткіші, Т.Бигелдинов, С.Нұрмағамбетов ескерткіштері) гүл шоқтары қойылады.

Сағат 10:00-ден 14:30-ға дейін Вознесенский соборының алдындағы алаңда (28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы) концерттік бағдарлама өтеді.

11:00-ден 16:30-ға дейін Арбатта (Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысы) және Ш.Уәлиханов атындағы алаңда қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер өтеді.